Ақтау қаласында «Caspibyke» өңірлік веломарафон жарысы өтті

Ақтау қаласында «Caspibyke» өңірлік веломарафон жарысы өтті

2022 жылдың 15 қазанында  Маңғыстау облысында оқиғалық туризмді дамыту жолымен экономикалық белсенділікті ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетіне қарасты «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігі бірлесіп Ақтау қаласының «Жылы жағажай» аумағының «Rixos Water World» қонақ үй кешені жанындағы «Tetysblu» тақырыптық паркінде «Caspibyke» өңірлік веломарафоны ұйымдастырылды.

Веломарафон Маңғыстау облысы велоспорт федерациясының көмегімен жүзеге асты.  Жарыс қашықтығы 20 шақырымды құрады және  160-тан астам қатысушыны қамтыды.