Қауіпсіз саяхат: туристің құқықтары мен міндеттері

Қауіпсіз саяхат: туристің құқықтары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңына сәйкес, турист саяхат кезінде қажетті ақпарат алуға, медициналық және құқықтық көмекке, сондай-ақ жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқылы.

Сонымен қатар турист елдің заңнамасын, кіру және болу ережелерін сақтауға, қоршаған ортаға, тарихи-мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға және саяхат кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға міндетті.

Жауапты саяхат — қауіпсіздік пен қоршаған ортаға құрметтен басталады.