
2026 жылы Батырхан Шүкеновтің аңызға айналған «Отан Ана» әні Маңғыстау облысындағы Қызылқұп шатқалында скрипкамен орындалды. Ерекше музыкалық жоба өңірдің бірегей табиғатын кеңінен насихаттап, Маңғыстаудың туристік әлеуетін көрсетуге бағытталды.
Қызылқұп шатқалы түрлі түсті төбелерімен және қызыл-ақ жолақты жоталарымен танымал. Миллиондаған жыл бұрын бұл аумақты ежелгі мұхит сулары басып жатқан. Бүгінде табиғи ландшафтының ерекшелігіне байланысты бұл орын халық арасында «Тирамису аңғары» деген атаумен де белгілі.