
2026 жылғы 2 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған актив отырысы өтті.
Жиын барысында конституциялық реформалардың маңызы, халық билігін нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, қоғамдық талқылаудың маңыздылығы мен конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарының өзектілігі атап өтілді.