Бастау мен мәре сызығы әсем 15-шағын аудан жағалауындағы амфитеатр маңында орналасқан. Қатысушылар бірнеше қашықтықтың бірін таңдай алды:
•42,2 км — толық марафон
•21,1 км — жартылай марафон
•10 км — жүгіру
•10 км — скандинавиялық жүріс
•5 км — жүгіру немесе скандинавиялық жүріс
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген спортшылар қатысты. Керемет ауа райы, жоғары деңгейдегі ұйымдастыру және жақсы көңіл-күйдің арқасында Caspian Marathon 2025 ұмытылмас шара болды!