Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – жаңалық пен жақсылықтың, мейірім мен имандылықтың, жаңару мен, жасарудың, буырмалдық пен достықтың, ықылас пен ынтымақтың, береке басы бірліктің мерекесі! Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болып келеді. Ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Ұлттық салт-дәстүріміздің жаңаруына да үлкен септігін тигізуде. Наурыз аманаты, Наурыз тілегі, Наурыз ниеті – ең абзал аманат, ең таза тілек, ең адал ниет. Ұлыстың ұлы күні, ұлық мерекесі – Әз Наурыз мейрамы құтты болсын! Әрбір шаңыраққа құт-береке, ырыс-ынтымақ тілейміз!