1 наурыз - Алғыс айту күні Бүгін көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні болып белгіленген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл мейрам өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Алғыс айту күні біз үшін жыл бойы атқарған еңбегімізбен жасаған жақсылығымыздың есебіндей маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет білдіретін күн. Бұл мерекенің астарында қазақ халқының бүгінгі батырларына деген құрметі мен ыстық ілтипаты жатыр. «Ауызбіршілігі мықты ел озады» демекші жылы сөз, жақсы ой, қайырымды ісімізді аямай, жан-жағымызды мейірімге толтырып жүрейік. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау мақсатында еңбек еткен, азаматтық және еңбекте ерлік жасаған, түрлі оқиғалар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстаным танытқан қазақстандықтарға ризашылық білдіретін күн. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін! Алғыс айту күні құтты болсын!