«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру
Ағымдағы жылдың 21-22 желтоқсанында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру бойынша бірқатар жұмыс кеңестері өтті.
   Кеңестер барысында Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарының объектілерін салу кезеңіне арналған жер учаскілеріне қатысты мәселелер қаралды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Жергілікті атқарушы органдармен құрылыс кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқықтарын беру және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мектеп құрылысы жоспарланып отырған жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосу мәселелері қаралды.