Маңғыстау облысы тұрғындары мен қонақтары назарына!

Маңғыстау облысы тұрғындары мен қонақтары назарына!

Құрметті азаматтар, Маңғыстау облысының тұрғындары ( қонақтары)!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз таңғы 8.00-ден 15 сәуір күні таңғы 7.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілді.

Осыған орай, өз денсаулығыңызға мұқият болып, тыныштық сақтап, жақындарыңызға қамқорлық көрсетіңіздер және тұрақты түрде санитарлық қауіпсіздікті сақтауларыңызды сұраймыз.

Белгілі бір және ұқсас белгілер пайда болған жағдайда күнделікті жоспарлардан бас тартып, үйде қалып, дереу 1406 немесе 103 телефондарына хабарласыңыздар.