Маңғыстау облысының тұрғындары мен тұрғын үй құрылысының салымшылары назарына! 

Маңғыстау облысының тұрғындары мен тұрғын үй құрылысының салымшылары назарына! 
Маңғыстау облысының тұрғындары мен тұрғын үй құрылысының салымшылары назарына! 
 
БІРІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушының құжаттарын міндетті түрде тексеру.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесідей 3 тәсілдің бірі арқылы ұйымдастырылады:(«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 7-бабы) 
- кепілдік беру қорымен жасалған шарттың болуы; (8-бап)
- екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы шешімі мен әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы; (9-бап) 
- тұрғын үйдің қаңқасының тұрғызылуы және әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы. (10-бап) 
 
ЕКІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушымен тек қана тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартын жасасу. 
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарты оны әкімдікте есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі. (11-бап) 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 
Құрылыс салушылармен келесідей мәміле (шарт) түрлерін жасамаңыз: 
- пәтерді сатып алу - сату туралы алдын ала шарты; 
- тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы алдын ала шарт; 
- брондау немесе қарыз шарты; 
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартымен байланысты емес басқа да мәміле (шарт) түрлері. 
Аталған шарт түрлерін жасаған жағдайда бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіру және кепілдеме алу мүмкіндігінен айырыласыз! 
 
ҮШІНШІ ҚАДАМ - үлестік құрылыста орын алған қандай да бір күмәнді жағдайлар жөнінде: 
- Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына: 43-20-37; 
- Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне: 50-47-09, 50-44-47 хабарлаңыз.