Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті
 
Мемлекет басшысы облыс халқымен кездесуінде өңірдің ерекшеліктеріне тоқталып, өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында тұрғындарының саны 2,5 есе өскен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ой-пікірін жеткізді.
 
Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстың білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек екенін атап өтті. Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған, 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Сондай-ақ 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайдағы, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар.
 
Президент осы мәселелерді айта келе, балабақша салуға мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін пайдалану керек екенін атап өтті. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылда 21 мектеп салынатынын айтты. Мемлекет басшысы мұның өзі жеткіліксіз екеніне назар аударып, бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажеттігін еске салды.