Хабарландыру!

Хабарландыру!

«Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «КурылысСтройСервис» ЖШС-нен әлеуметтік несиелік тұрғын үй салу бағыты бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы «Ақтау қаласы, 3 шағын ауданындағы 100 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй №10» жобасын іске асыру туралы келесі техникалық-экономикалық көрсеткіштермен ұсыныс (бастама) түскенін хабарлайды:

  1. Пәтерлердің саны мен ауданы: ауданы 5 190,0 ш.м. болатын 100 пәтер, ауданы 1070 ш.м. болатын коммерциялық үй-жайлар да қарастырылған.
  2. Жобаның құны 1 351 435 мың теңгені құрайды.
  3. Жобаның бастамашысы таза әрленген жалпы ауданы 2786,5 ш.м. құрайтын 46 пәтерді (16 бір бөлмелі пәтер; 15 екі бөлмелі пәтер; 15 үш бөлмелі пәтер, сонымен қатар 84,5 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтерлер бағдарлама талаптарына сәйкес 84 шаршы ретінде қабылданады) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сәйкес 1 шаршы метр үшін 180 000 теңге есебінен жергілікті атқарушы органға беруді ұсынады.
  4. Жобамен мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі мерзімі кезінде, яғни 4 жыл 4 ай бойы аумағы 75,0 шаршы метр болатын коммерциялық үй-жайларды әлеуметтік нысан (мектепке дейінгі білім берудің шағын орталығы) ретінде пайдалану көзделген.
  5. Қажетті мемлекеттік инвестициялар – 550 220,0 мың теңге. 851 215,0 мың теңге көлеміндегі қалған қаражатты жобаның бастамашысы өз есебінен салады және тиісінше ауданы 2 403,5 ш.м. болатын қалған 54 пәтерді жобаның бастамашысы коммерциялық негізде нарықта сатады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамалық нормаларға сәйкес баламалы ұсыныстарды қарауға дайын.

Ұсыныстар берудің соңғы мерзімі - 05.02.2021 ж.

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат, 205 бөлме.

Байланысушы тұлға: Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Шагирбаев Имаммахмут Мухитұлы.

Тел: 8 7292 432026, 8 701 7747456.