
Бүгін Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы және өңірлік кадр резервінің өкілдері қатысты.