Жаңарған Конституция – еліміздің болашағына бағытталған тарихи әрі жауапты қадам

Жаңарған Конституция – еліміздің болашағына бағытталған тарихи әрі жауапты қадам

    2026 жылғы 19 ақпанда Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұжымында тиісті талқылау өтті.

  Кездесуге Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов қатысып, жұмыс тобының барысы туралы, сондай-ақ жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар бойынша мазмұнды түсіндіру жүргізді. Бұл құжат – жай ғана құқықтық өзгерістер жиынтығы емес. Ол мемлекеттің жаңа даму бағытын айқындап, қоғамның жаңғыруына, азаматтық сананың өсуіне және ұлттық жауапкершіліктің нығаюына негіз қалайды. Әрбір норма мен қағида елдің ертеңіне деген сенімді күшейтуге бағытталған.

    Жаңарған Конституция – ел бірлігін нығайтып, әділ қоғам мен болашаққа бағдарланған мемлекетті қалыптастыруға бағытталған ортақ таңдау. Бұл таңдау әр азаматқа жауапкершілік жүктейді және Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді. Кездесу соңында басқарма ұжымы жаңа Конституцияны қолдайтынын жеткізді.