Өңір спортын жетілдіру мақсатында қолға алынған спорт түрлерін жүйелендіру бойынша ресми ақпарат

Өңір спортын жетілдіру мақсатында қолға алынған спорт түрлерін жүйелендіру бойынша ресми ақпарат
Өңір спортын жетілдіру мақсатында қолға алынған спорт түрлерін жүйелендіру бойынша ресми ақпарат:
 
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір спортының стратегиялық дамуының басым бағыттары бойынша бірқатар жоспарлар жасақталғанын хабарлайды.
 
Спорт саласындағы қордаланып, шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бар екенін ескере отырып, спорт саласына түбегейлі өзгерістер қажеттілігі туындады.
 
Алға қойылған бірқатар жоспарлар қатарында спортты жетілдіру, мықты спортшыларды дайындау, бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін спорт түрлерін жүйелендіру қолға алынды.
 
Спорт түрлерін жүйелендіру - бұл процесс облыстағы әр түрлі спорт түрлерінің мамандандырылған бір спорт мекемесіне жұмылдыру арқылы, спорт түрлерін жетілдіру, алға қойылған нәтижеге қол жеткізуге бағытталатын жоспар. Заң жүзінде спорт үйірмелер бір орталыққа біріктіріледі, алайда жаттығу орындары өзгермейді.
 
Спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінде тіркелген спортшылар, тұрақты түрде қатысып жүрген спорт секцияларында қалады және бапкерлері де ауыспайды. Яғни спортшының тұрақты жаттығатын спорт залы өзгермейді.
 
Айта кетсек, балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі әр түрлі спорт түрлерінен жаттықтырушылардың айлық ақыларын сақтай отырып және спортты жетілдіру топтарымен бірге тіркеледі. Және ол үшін балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің арасында өзара 5 жылға меморандум жасақталады.
 
Бүгінгі күннің басты міндеті - өңір спортын жан-жақты жетілдіріп, тиімді реформаларды жүзеге асырып республикалық, халықаралық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
 
Соңғы бес жылда спорттағы жетістіктер бойынша Маңғыстау облысының спорты республикада төменгі сатыға тұрақтауы мәселелердің түйінін шешуге бағытталған реформа қажет екенін аңғартты.
Сол мақсатта өңірде болашақта жүзеге асырылуы тиіс шаралар жіті ойластырылып, жаңа реформалар мен тың бастамалар жалғасын табатын болады.