ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Қазақстан командасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында параволейболдан күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасында маңғыстаулық спортшы Ерболат Алтаев өнер көрсетті. Жаттықтырушылары Құралбек Сейдов және Нұралы Кулушов.
Ерболат Алтаев - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионы.
Алтын медаль үшін тартысты ойында Қазақстан құрамасы Иран командасына есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға жолдама алған болатын.
Сондай-ақ, IV жазғы Азия Пара ойындарына маңғыстаулық Халықаралық дәрежедегі төреші Аян Рахметов төрешілік етті.