Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облысымызда спорттық шаралар ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облысымызда спорттық шаралар ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облысымызда спорттың бірнеше түрінен шаралар ұйымдастырылды.

  • Ақтау қаласында мемлекеттік қызметшілер Амфитеатр алаңында таңғы жаттығудан бастап, «Doma-doma» стритбол алаңына дейін жаппай жүгірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер өзара гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс, шахмат дойбы, үстел теннисі, кермеге тартылу спорттары бойынша бақтарын сынады.

 

  • Жаңаөзен қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында дойбыдан ойындар өткізілді.

 

  • Мұнайлы ауданында мемлекеттік қызметшілермен волейбол, футбол ойындары өткізілді.

 

  • Бейнеу ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан жарыс өтті.