«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарақия аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарақия аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, «Жас Қанат» спорттық кешенінің ғимараты, анықтама үшін телефондар: 8(7292) 421234.   (электрондық почта: sport@mangystau.gov.kz) басқармаға бағынышты мекемелердің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: "Педагогика", "Құқықтану", "Экономика", Дене шынықтыру және спорт .мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

      Басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау интернет- ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 жұмыс күн өткеннен кейін аяқталады.