«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 74/1 ғимарат, К7 GROUP Бизнес орталығы 7-қабат, 130000, телефон: 8(7292) 421234, sport@mangystau.gov.kz.
БАСҚАРМАҒА БАҒЫНЫШТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Конкурсқа қатысушыларға біліктілікке қойылатын талаптар:
Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
Еңбек өтілі:
Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-075/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау интернет- ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін аяқталады