24 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

24 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі;

Кәсіби тәуекелдерді бағалау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі: заманауи тәсілдер мен енгізу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Кездесуге жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы орган өкілдері, кәсіподақтар мен өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары қатысты.

 

Кездесу барысында кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен адам өмірін қорғау мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды және кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттама жасақталды.