Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Өрісбаев басқармаға қарасты №1,2,3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін орталықтардың қызмет барысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары орталықтардың ағымдағы жөндеу жұмыстарының жағдайына бақылау жүргізді және қызметкерлердің міндеттемелері бойынша ақпарат алып, сәйкесінше қызмет алушылармен әңгімелесу жүргізді.
Жұмыс соңында облыс әкімінің орынбасары орталықтардың директорларына бірқатар тапсырмалар беріп, мекемелердің жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар берді.