23 сәуір - Түркия Республикасының Ұлттық егемендігі және балалар мерекесі аталып өтті

23 сәуір - Түркия Республикасының Ұлттық егемендігі және балалар мерекесі аталып өтті

23 сәуір - Түркия Республикасының Ұлттық егемендігі және балалар мерекесі күні басқармаға қарасты психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында облыстағы Түркия Республикасының Бас консулдығы қызметкерлерімен аталып өтті. 

Орталықта түрік елінің Бас консулдығы қызметкерлері қонақта болып, балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 Мерекелік шара барысында концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, қызмет алушы балалардың да өнерлері тамашаланды. Кездесу соңында Бас консулдық тарапынан балаларға сыйлықтар үйлестірілді.