
15 сәуір күні Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында халықты жұмыспен қамту саласының жай-күйін талқылау мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысты басқарма басшысы Н. Телегенов төрағалық етіп, оған басқарма басшылығы және Маңғыстау облысының еңбек мобильдігі орталығының басшылығы сондай-ақ қала және аудан мансап орталықтарының директорлары қатысты.
Жиын барысында мансап орталықтары бос жұмыс орындарын іздеу жұмыстары әрдайым жүргізіп отыру, жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған тұлғаларға мониторинг жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және мерзімінде қарау керектігі тапсырылды.
Бұған қоса, халықты жұмыспен қамту саласында «Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен» бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру ұсынылды.
Жиын соңында қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және болдырмау қажеттігі қатаң ескертілді.