Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде отбасын қолдау орталықтары ашылды.
Облыста 2021 жылдан бастап Ақтау қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, 2024 жылдан бастап Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия және Түпқараған аудандарында отбасын қолдау орталықтары жұмыс жасайды.
Орталықтар мынадай қызметтер көрсетеді:
- мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
- өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
- мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
- халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
- тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
Аталған көмектер бойынша кеңес алу үшін кестеде көрсетілген мекенжайға хабарласуыңызға болады.