
11 сәуір күні Маңғыстау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Маңғыстау ауданында көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, күн тәртібіне сәйкес басқарма басшыларының орынбасарлары, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, аудан әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары және аудандық бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1)«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының орындалысы туралы;
2) Маңғыстау ауданындағы спорт кешендерінің жай-күйі;
3) Маңғыстау ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің проблемалық мәселелері;
4)«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Маңғыстау ауданы бойынша атқарылған жұмыстары туралы.
Күн тәрбіндегі «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы туралы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары есеп берді.
Сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар үшін нысанның қолжетімділігін қарау мақсатында Маңғыстау аудандық Мәдениет үйі мен Шетпе лицейіне барды.
Көтерілген мәселелер бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар беріліп, өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды.