2025 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 5 944 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 5 944 мыңнан астам қызмет алды

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер портал  арқылы (aleumet.egov.kz)  мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдарымен, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен, сондай-ақ кресло-арбалар және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер Порталда (aleumet.egov.kz) мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдай алады. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнімберушіні екі ай ішінде таңдауға мүмкіндігі бар.

Жыл басынан бері  01 сәуірге  әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен 5 944  мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді:

1) протездік-ортопедиялық құралдармен 386;

2) сурдотехникалық құралдармен 110;

3) тифлотехникалық құралдармен 220;

4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 229;

5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2 672;

6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 528;

7) жеке көмекшінің қызметімен 1 609;

8) ымдау тілі маманының қызметімен 190  мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.