Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай форум өткізілді

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай форум өткізілді

Ағымдағы жылдың 2 сәуірі күні дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай форум өтті. Форум «Ерекше балалардың ата-аналар одағының» жетекшісі Ырыс Усербаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Форумға ата-аналар, дәрігер мамандар, облыстық мәслихат депутаттары және С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар,
денсаулық сақтау, білім басқармаларының өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) туралы қоғамды ақпараттандыру, түсіністік пен қолдауды арттыру, сондай-ақ аутизммен өмір сүретін адамдардың құқығын қорғау. Шара барысында аутизмі бар баланы қоғамға бейімдеуде кездесетін мәселелер айтылды.

Шара соңында аутизм тарату бойынша ақпараттық жұмысты күшейту, ата-ана мен балаға психикалық, педагогикалық қолдау көрсету, жағдай жасау тақырыбында сұрақ алмасып, пікір бөлісті.