
2025 жылдың 31 наурыз күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т.Жеткізгенұлының төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері мен кәсіпорындар басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 8 кәсіпорынның жағдайы қаралып, мәселелері тыңдалды. Комиссия төрағасы Т.Жеткізгенұлы тарапынан кәсіпорын басшыларына туындаған мәселелердің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.