
Тәуелсіздік жылдарында Маңғыстау облысына тұрақты тұру үшін 143,1 мыңнан аса қандас көшіп келді, бұл облыс халқының 17,8 пайызын құрайды.
Олардың көпшілігі Өзбекстаннан (51,6%), Түрікменстаннан (43,4%), Ираннан (1,7%), сондай-ақ басқа елдерден (3,3%) келгендер.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірге облыста 33 отбасы немесе 156 адам қандас мәртебесін алды.
Қандас мәртебесін алған азаматтардың ішінде 97 адам – еңбекке жарамды жасындағы азаматтар.
18 жасқа толмаған азаматтардың саны - 35 адам, 24 адам -зейнеткерлік жастағы азаматтар.
Білім деңгейі бойынша: жоғары білім – 5 адам (5,1%), орта арнаулы – 9 адам (9,3%), 81 (83,5%) азаматтарда жалпы орташа білімі бар.
Сонымен қатар, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.