Бүгін, 2025 жылдың 17 ақпаны күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ертаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында А.Ертаев Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 4 мекемені, атап айтқанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін № 1,2,3 және оңалту орталықтарына барып, олардың жұмыстарымен танысты.
А.Ертаев сала қызметкерлерімен бірге арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау бағытындағы өзекті мәселелерді, оның ішінде медициналық лицензияның кіші түрлерін алуды, ғимараттарды қолжетімділік пен тұрғын-жай алаңдарының талаптарына сәйкестендіруді, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуін  және лицензияға өтініш беру барысындағы жіберілген кемшіліктерді жою жолдарын талқылады.
Сонымен қатар орталықтардың қызметкерлерімен «Социум» платформасымен жұмыс жасау барысындағы мәселелер көтерілді.
Кездесулер барысында А.Ертаев Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.Телегеновке және министрліктің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Идрисовке аталған мәселелерді ұйымдастыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.