«Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың» республикалық турнирі

«Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың» республикалық турнирі

«Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың» республикалық турнирі

 

2024 жылдың18-19сәуірі күндері Ақтау қаласындағы «Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы»  ғимаратында арнайы атлеттер арасында «Қазақстандық Арнайы Олимпиада»қоғамдық бірлестігінің 2024 жылға арналған спорттық-көпшілік күнтізбелік жоспарына сәйкес үстел теннисінен

республикалық турнир өткізілді.

Турнирді өткізудің негізгі мақсаты ерекше балалар, жасөспірімдер және ересектерді спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануға, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорттық әлеуетін арттыруына ынталандыру.

         Турнирге еліміздің 8 өңірінен (Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстарынан) 73 арнайы атлеттер, 29 жаттықтырушы, өкілдер және медициналық қызметкерлер қатысты.

Осы турнирда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№3 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушы Аманжулова Жулдыз І орын иеленді.