Жұмысқа орналастыру шаралары туралы

Жұмысқа орналастыру шаралары туралы

2023 жылдың қортындысымен статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстағы жұмыс күшінің саны 354 мың адамды құрады. Экономиканың әр түрлі салаларында 336 мың адам жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыз халық саны 17 мың адам. Сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі 5 %-ды құрады.

Облыстың мансаптық орталықтарында 17 324 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

Жыл басынан бері облыстың мансаптық орталықтарына 17 731 адам хабарласып, 8 379 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Барлығы 6 933 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 1 630 адам тұрақты жұмыс орындарына, 5 303 адам субсиядияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.

Анықтама үшін: әлеуметтік жұмыс орындары – 168, жастар практикасы – 304, қоғамдық жұмыстар – 4 545, «Алғашқы жұмыс орны» - 33, «Күміс жас» - 250, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 3.

Бұдан бөлек,

  • «Бастау Бизнес» - 584 адам;
  • skills.kz платформасында онлайн оқыту – 862 адам;

Ағымдағы жылы жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасына сәйкес 35 мыңға жуық (34 893) адамды жұмысқа орналастырылады деп күтілуде. Оның ішінде 24 627 тұрақты, 10 266 уақытша.

01.04.2024 жылғы жағдай бойынша облыста Өңірлік картаға сәйкес 8 744 адам жұмысқа орналастырылды (тұрақты – 3 255, уақытша – 5 489).

Мемлекет басшысының жастар кәсіпкерлігін қолдау бастамасы аясында 220 адамға 2,5 пайыз мөлшерінде жалпы көлемі 1,1 млрд. теңгеге шағыннесие беру жоспарланды. Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығынан басталады деп күтілуде (2023 жылы 168 адамға 815,0 млн теңгеге несие берілді).

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап өңірде «Жұмыс жасаймын» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты - өңірдің жұмыссыз тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарына орналастыру болып табылады.

Жоба іске қосылғаннан бері 2 211 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды (2021 жыл - 402, 2022 жыл - 864, 2023 жыл - 802, 2024 жылдың басынан бері - 143 адам). Жобаға облыстық бюджеттен 5,1 млрд. теңге қаражат бөлінді (2021 жыл – 255,5 млн. теңге, 2022 жыл – 955,5 млн. теңге, 2023 жылы - 1,8 млрд. теңге, 2024 жыл – 2,1 млрд. теңге).  Бүгінгі күнде жоба аясында 937 адам жұмыстарын жалғастыруда.