
Маңғыстауоблысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Көші-қон
мәселелері жөніндегі бөлім
Басқармадағы Көші-қон жөніндегі бөлімі қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті атқарады.
Яғни алыс, жақын шетелден тұрақты тұру мақсатында көшіп келген ұлты (этникалық) қазақ азаматтарына «оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты төтенше жағдайдың кезеңінде әлеуметтік шиеленіс пен наразылық жағдайларын болдырмау мақсатында, және де адам арасындағы физикалық байланыстың алдын алу мақсатында, бүгінгі таңда қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібіне өзгеріс енгізіп жолдап отыр.
Қазақстан Республикасы аймағында төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін оралман мәртебесін алатын немесе ұзартатын азаматтар өтінішті «электронды үкімет» порталының сервисі арқылы береді.
Егер өтініш оралман мәрбесін ұзарту туралы болса өтінішке қосымша мерзімі аяқталған оралман куәлігінің суретке түсірілген немесе сканкөшірмесі қоса тапсырылады.