кілінің алып жүруі кезінде мүгедектігі бар балаға санаторий-курорттық емдеу қызметін ұсыну

кілінің алып жүруі кезінде мүгедектігі бар балаға санаторий-курорттық емдеу қызметін ұсыну

Өкілінің алып жүруі кезінде мүгедектігі бар балаға санаторий-курорттық емдеу қызметін ұсыну

 

       Ағымдағы жылдың 6 ақпанында облыстағы Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсететін өнім берушілердің («Реабилитационный центр «Шипагер» ЖШС, «Аксон Мед» ЖШС) өкілдерімен кездесу өткізіліп, «Заңды өкілінің алып жүруі кезінде мүгедектігі бар балаға санаторий-курорттық емдеу қызметін ұсыну» Алгоритміне сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

        Кездесу барысында өнім берушілер тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, сондай-ақ олардың ұсыныстары да ескерілді.