Әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу

Әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу

Әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу

 

         Ағымдағы жылдың  1-наурызында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алғыс айту күніне байланысты облыстың әлеуметтік саласының дамуына көп жылдар бойы еңбек сіңірген ардагерлерге арнап мерекелік кездесу  ұйымдастырды.

          Кездесу барысында кеш қонақтары өздеріне арнап жайылған мерекелік дастарханнан дәм тата отырып, осы бір күрделі саладағы еңбек жолдарынан сыр шертіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

          Шара соңында басқарма басшысының орынбасары Досполова Жайсанкүл Аманкелдіқызы қонақтарға ризашылығын білдіріп,  облыс әкімінің орынбасары атынан  Алғыс хат табыстады.