"Мейірім Дараған әлем" мерекелік іс-шарасы.

"Мейірім Дараған әлем" мерекелік іс-шарасы.

"Мейірім Дараған әлем" мерекелік іс-шарасы

       Бала жылын мерекелеудің қорытындысын шығару мақсатында әлеуметтік салада "Мейірім Дараған әлем"мерекелік іс-шарасы өткізілді.

        Шарада облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен Ақтау қалалық, Бейнеу аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, аудандар мен қалалардағы үйден қызмет көрсету бөлімшелерінде қызмет алушы мүгедектігі бар балалардың концерттік шаралары өткізілді.

         Сонымен қатар, жыл бойы балаларға көңілді күй, мерекелік сәттер мен  есте қаларлық естеліктер сыйлаған қайырымдылық көмек көрсеткен демеушілер де қатысатын болады.

         Балалар жыл бойы өздеріне деген мейірім мен шуақты сезіне отырып аталған «Бала жылын» атап өтудегі өз сезімдерімен бөлісетін болды.

        Сондай-ақ, балалардың қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарынан тұратын көрме ұйымдастырылды.