"Ten qogam" әлеуметтік қолдау орталығының ашылуы өтті

"Ten qogam" әлеуметтік қолдау орталығының ашылуы өтті

"Ten qogam" әлеуметтік қолдау орталығының ашылуы өтті

 

2022 жылғы 4 қарашада Ақтау қаласында 29а шағынауданы, 43/1 ғимарат мекенжайы бойынша "Ten qogam" әлеуметтік қолдау орталығының ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

«Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы мынандай қызметтер көрсетеді:

  • Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне құқықтық, психологиялық, әлеуметтік және басқа сұрақтары бойынша ақпараттық-кеңес және ресурстық колдаулар беру;
  • Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік және еңбек құқықтары саласында әлеуметтік, құқықтық сұрақтары бойынша оқыту,семинар өткізу (тапсырыс берушінің келісімімен) және кеңестер беру;
  • Мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қажетті психологиялық көмек көрсету;
  • Мүгедектігі бар адамдардың олардың жеке қабилеттері, дағдылары ескеріліп, жұмыс іздеулері мен жұмысқа орналасуларына ықпал ету;
  • Мүгедектігі бар адамдарға жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға ақпараттық сүйемелдеу;
  • Мұгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналасу және олармен еңбек үрдістерін жұзеге асыруларындағы қорқыныштары мен кедергілерді жоюларына ықпал ету:
  • Еңбек жағдайларын зерттеу мақсаттарында кәсіпорандар мен компанияларға шолу жасау, бару;
  • Кәсіпортындарда қысқа мерзімді тәжірибелерден өтуді ұйымдастыру (5 жұмыс күні – мүгедектігі бар адамдарды кәсіпкерлікке тарту;
  • Әлеуметтік – мәдени орындарында мерекелік шаралар ұйымдастыру және өткізу:
  • Мемлекеттік әлеуметтік көмек және қолдау алуларына ықпал ету;
  • Мүгедектігі бар адамдарға отбасылық әл-ауқат мәселелері бойынша кеңестер беру;
  • Мемлекеттік қызметтер және басқа қызметтер түрлерін алу үшін құжаттарын рәсімдеу бойынша көмек беру;
  • Заңмен көзделген жеңілдіктер мен артықшылықтар, әлеуметтік төлемдерді алуларына заңдық көмек беру және ықпал ету;
  • Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік оңалтуларына бағытталған техникалық оңалту құралдарын пайдалануға үйрету (тыйым салынбаған);
  • ІТ дағдыларын оқыту (ЭЦК кілт алу, электрондық кужаттарды алу т.б.);
  • Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс бойынша көмек көрсету;
  • Онлайн кеңес телеграмм және whatsapp арқылы;
  • Мүгедектігі бар адамдардың еңбек және кәсіби мүмкіндіктерін анықтау.

https:/www.instagram.com/p/Okt11_bt0eD/?igshid=YmMyMTA2M2Y=