Шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:

Шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

 Шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:

* жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;


  • тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

  •  * "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың және нотариат куәландырған аудармаларының электрондық көшірмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

 

* жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (заңды тұлға - жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында Қағидалардың 35-тармағына сәйкес филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда);

* шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға - жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);

* шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;

* өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде жүктелген міндеттемелерді орындау туралы ақпарат (бар болса);
 

* осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды, шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына, басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы суранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квоталар шегінде берілетін рұқсаттар бойынша Қазақстан Республикасына өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда) (бұдан әрі – басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар туралы құжаттың нотариат куәландырылған көшірмесі);

* осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын міндеттемелер туралы ақпарат;

 

* шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

* рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.