Жұмыс берушілер назарына!

Жұмыс берушілер назарына!

Жұмыс берушілер назарына!

 

Алдағы 2022 жылға ҚР-на

шетелдік жұмыс күшін тартуға

арналған квотаны қалыптасттыру туралы 

 

Маңғыстау облысының жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  16 жылғы 15 желтоқсандағы        № 802 қаулысымен бекітілген  «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес 2022 жылға  арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы  жұмыс берушілерден өтініштерді  қабылдауды бастайды.

Өтініштер 2021 жылдың 1 тамызынан бастап 1 қазанға дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде тек электрондық түрде қабылданады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

1) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлесту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының атына жазылған ілеспе хат; хатта кері байланыс үшін орындаушының байланыс деректерін көрсету қажет (ұялы телефон, электрондық пошта мекен-жайы);

2) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН, ОКЭД (экономикалық түрі), ағымдағы жылы жұмыс жасайтын шетелдік азаматтардың саны (егер олар болса), 2022 жылы тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінін саны санаттар шегінде көрсетілген екі тілдегі кесте. Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2022 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет (келісім-шарттардың көшірмелерін ұсынуды қажеті жоқ, олардың нөмірі мен мерзімдерін, сонымен қатар көрсетілетін қызметтін атауын ұсыну).

Құжаттар  толық көлемде немесе бекітілген нысанға сәйкес келмеген жағдайда тапсырылған құжаттар кері қайтарылады.

Өтінімдерді тіркеу үшін g.sultangeldieva@mangystau.gov.kz электронды пошта арқылы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберу керек.

Байланыс телефоны: 8(7292) 605608.