Баспасөз-релизі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 Бұйрығы

Баспасөз-релизі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 Бұйрығы

Баспасөз-релизі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 Бұйрығы

 

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелеріне (бұдан әрі – Бөлімше) өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешімді стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының бағалау кешені және мониторингі негізінде  стационарлық үлгідегі ұйым қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған қызмет алушының өзіне-өзі қызмет көрсетуге және (немесе) өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелділігі Бөлімшеде тұруына қарсы көрсетілім болып табылады.»;

25-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) киім, аяқкиім, төсек жабдықтарын, жеке гигиена заттарын, қатты мүкәммал және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған  киімнің, аяқкиімнің, төсек жабдықтарының, жеке гигиена заттарының, қатты мүкәммалдың және  мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ оларды кию және тозу мерзімдерінің ең төменгі нормаларына сәйкес беру;»;

34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда, жылыжайларда, қысқы бақтарда), үй жанындағы учаскелердежүзеге асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызметтерді алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;»;

2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қарттар мен мүгедектердің күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен,жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар)қамтамасыз ету.»;

2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

С. Шапкенов