9 - мамыр Жеңіс күні мерекесі құрметіне берілетін әлеуметтік көмек туралы
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 76 жылдық мерекесіне орай жергілікті атқарушы орган тарапынан ардагерлерге құрмет көрсетудің кешенді шаралары қамтамасыз етілуде!
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 9 - мамыр Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа санаттарына бір жолғы материалдық көмек төлеу қарастырылып, төлеу жұмыстары жүргізілуде.
9 - мамыр Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа санаттарына жергілікті бюджет есебінен екі мыңнан астам азаматтарға 250,0 млн.теңгеге жуық бір жолғы материалдық көмек төлеу қарастырылған.
Бүгінгі таңда облысымызда Ұлы Отан соғысының 6 ардагері тұрады. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне бір миллион теңгеден төленді.