«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат берілді

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында мемлекеттік көрсетілетін қызмет  туралы ақпарат берілді

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында мемлекеттік көрсетілетін қызмет

туралы ақпарат берілді

 

   Осы жылдың 10 қаңтары күні басқарманың Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Д.Жеткізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR» орталығында "Электрондық көрсетілетін қызметке көшудің оң динамикасы" тақырыбында тікелей эфирге қатысты.

     Тікелей эфир барысында спикер Д.Жеткізген соңғы үш жылдағы (2018ж.,2019ж.,2020ж.) көрсеткіштерге тоқталып, электрондық форматқа көшкеннен кейінгі оң өзгерістер жөнінде айтты.

       Сонымен қатар, нақты шетелдік жұмыс күшін тарту бағыты бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ қызмет көрсету тәртібі жөнінде ақпараттар берілді.