Жұмыс берушілер назарына!

Жұмыс берушілер назарына!

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге шығындарды субсидиялауға 2027 жылға өтінімдер жинау ағымдағы жылдың 01 қазанынан басталатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Субсидияның мақсаты:

Арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға (бейімдеуге) кеткен жұмыс берушілердің шығындарын өтеу (жабдықтар, арнайы жиһаз, технологиялық құрал-жабдықтар сатып алу және т.б.).

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

2026 жылғы «01» қазаннан бастап 2026 жылғы «31» қазанға дейін.

Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі:

1.    Белгіленген нысан бойынша өтініш;

2.    Мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруға жұмыс берушінің шығындарын есептеу/сметасы (құрал-жабдықтар, бейімдеу құны көрсетілген);

3.    Жұмыс берушінің деректері мен реквизиттері (БИН/ЖСН, банк шоты).

Өтінім беру тәсілі:

Өтінімдер тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жергілікті мансап орталықтарында қабылданады.

Ақтау қалалық мансап орталығы Ақтау қаласы, 29 ш/а, 24 ғимарат

Жаңаөзен қалалық мансап орталығы Жаңаөзен қаласы, Жалын ш/а,                        3Б ғимарат

Бейнеу аудандық мансап орталығы Бейнеу ауылы, Құлбатыр көшесі, 1/11 ғимарат

Қарақия аудандық мансап орталығы Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, 4 ғимарат

Маңғыстау аудандық мансап орталығы Шетпе ауылы, Орталық көше, 1/17 ғимарат

Мұнайлы аудандық мансап орталығы Маңғыстау ауылы, 14 орам,                   30 ғимарат

Түпқараған аудандық мансап орталығы Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, 2 ғимарат

Анықтама үшін байланыс :

  • Байланыс телефоны: +7 7292 30 10 97
  • E-mail:ctm_mangystau@mail.ru