Мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді

2026 жылдың 4 маусымы күні «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді.

Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қатысты.
Жиын барысында аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін реттейтін қағидалардың негізгі талаптары талқыланып, олардың тәжірибеде қолданылу барысы жан-жақты талданды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, ақпараттық жүйелердегі деректердің сәйкессіздігі мен қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын күшейту бағытында пікір алмасты. Талқылау барысында анықталған мәселелерді шешу үшін қағида талаптарына өзгерістер енгізу қажеттілігі де атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу, ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жоғары тұрған уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.