Мекемелердің әлеуметтік аударымдарын төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жиналысы өтті

Мекемелердің әлеуметтік аударымдарын төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жиналысы өтті

Ағымдағы жылдың 14 мамырында басқармада Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» филиалының қызметкерлерімен мекемелердің әлеуметтік аударымдарын төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жиналысы өтті.

Жиналысқа басқармаға бағынысты мекемелердің және қалалық арнаулы әлеуметтік орталықтардың бас есепшілері қатысты.
Күн тәртібінде Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері, әлеуметтік тәуекелдер (еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу, 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу) туындаған кездегі сұрақтар және т.б. қаралды.