«Парыз»-Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы

«Парыз»-Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы

Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен кәсіпкерлері!

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастағандығын хабарлаймыз.

Конкурс екі кезеңде, яғни өңірлік және республикалық деңгейде өтеді. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатыса аласыздар:

1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

2.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің денсаулығын сақтау әрекеті қаралады.

3.«Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа құжаттар hr.enbek.kz сайты арқылы 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8/7292/200953 немесе 8702 298 43 81 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар.

 

Үміткерлерге сәттілік тілейміз.