
Ағымдағы жылдың 17-19 наурыз аралығында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары бірлесіп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне барып тәжірибе алмасты. Жұмыс барысында 2025 жылы қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес жергілікті мәслихат шешімдері негізінде берілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының түрлерін, оның мөлшерін және кезеңдерін біріздендіруге қатысты мәселелер талқыланды.