Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірмелер туралы

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірмелер туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығымен «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №279 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына қатысты.

          Қағиданың 80-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне ерекше шарттарды және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді енгізеді.

Сондай-ақ, төртінші санат бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс берушілерге Қағидалардың 14-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне енгізу міндеті жүктелгені көрсетілген.

Осылайша, 11-қосымшадағы нысан бойынша мәліметтерді ұсыну міндеті рұқсат беру кезінде ерекше шарттар қарастырылған жұмыс берушілерге, соның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде және төртінші санат бойынша шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде туындайды.

Ерекше шарттар белгіленбестен жалпы рәсім шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын қалған жұмыс берушілер үшін Қағидаларға
 11-қосымшаның нысаны бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі талап қолданылмайтындығын назарыңызға береміз.