
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы №401 бұйрығы және «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 431 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысы өңірлік квота белгіленбеген өңір, алайда қандастарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидасының 2 – тарау, 9 тармақ, 3) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешумен және егер өтініш беруші тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, өтініш берушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім беру мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 29) және 36) тармақшаларына сәйкес отбасы мүшелерімен немесе туыстарымен туыстығын растай отырып, өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын өтініш берушінің отбасымен және/немесе туыстарымен бірігуге болады.
Оған керекті құжаттар тізімі: