Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды ұзарту туралы

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды ұзарту туралы

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің                  30 маусым 2023 жылғы № 279 бұйрығына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі туралы келесіні хабарлайды.

     Қағиданың 30- тармағына сәйкес рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартуға күнтізбелік алпыс күннен ерте емес және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жол беріледі.

             Өтінімді беру мерзімін есептегенде, рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні есептелмейді.

Рұқсатты ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

Осыған орай, жұмыс берушілер белгіленген мерзімдерді ескере отырып, өтінімдерді уақытылы беру қажет.

 Белгіленген мерзімдерді сақтамаған жағдайда рұқсатты ұзартуға жол берілмейді және рұқсатты ресімдеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

 Басқарма жұмыс берушілерге рұқсаттардың қолданылу мерзімін бақылауды және уақтылы өтінімдерді беруді ұсынады.